Колледж миссиясы

Колледж миссиясы




Колледж миссиясы Қазақстан экономикасының өндірістік деңгейін көтеруге қабілетті, теориялық және практикалық дағдыларды жетік игерген, адамгершілік қасиеттері жоғары, бәсекеге қабілетті мамандар дайындау.


Академик С.А.Джиенкулов атындағы Байқоңыр колледжінің тарихы сонау 1998 жылдан, осы Байқоңыр қаласында Қазақстан-Ресей Халықаралық Университетінің филиалы ашылғаннан бері басталады.

Яғни, Алматы қаласындағы Қазақстан-Ресей Халықаралық Университетінің ректоры, техника ғылымдарының докторы, профессор, Қазақстан Республикасы Ұлттық машина жасау жəне көлік ғылым академиясының, Ресей Халықаралық көлік академиясының академигі, ғалым, өз елінің патриоты Серғазы Ахметұлы Джиенкулов 1998 жылы осы Байқоңыр қаласында ең алғаш қазақстандық университеттің филиалын ашқан болатын.

2004 жылы академик Серғазы Ахметұлы Джиенкуловтың басшылығымен осы университеттің базасында Байқоңыр «Космос» колледжі ашылды.

2016 жылдың 5 шілдесіндегі №54 бұйрық негізінде «Академик С.А.Джиенкулов атындағы Байқоңыр колледжі» білім мекемесі болып аталады.

2021 жылдың 15 шілдесіндегі №70 бұйрық негізінде «Академик С.А.Джиенкулов атындағы Байқоңыр жоғары колледжі» білім беру мекемесі болып аталады.

Қазіргі таңда «Академик С.А.Джиенкулов атындағы Байқоңыр жоғары колледжі» білім беру мекемесі 10 мамандық, 18 біліктілік бойынша мамандар дайындайды.

  • 04210100 – «Құқықтану» мамандығы, біліктілігі:
  • 4S04210101 – Заңгер;
  • 04110100 – «Есеп және аудит» мамандығы, біліктілігі:
  • 4S04110102 – Бухгалтер;
  • 07160600 – «Темір жолдың вагондар мен рефрижераторлы жылжымалы құрамын пайдалану, жөндеу және техникалық қызмет көрсету» мамандығы, біліктілігі:
  • 4S 07160603 – Техник-электромеханик;
  • 07160500 – «Темір жолдың жылжымалы құрамын пайдалану, жөндеу және техникалық қызмет көрсету» мамандығы, біліктілігі:
  • 4S07160503 – Техник-электромеханик;
  • 07161300 – «Автомобиль көлігіне техникалық қызмет көрсету, жөндеу және пайдалану» мамандығы, біліктілігі:
  • 4S07161304 – Техник-механик;
  • 3W07161301 Автомобиль жөндеу слесарі;
  • 3W07161303 Автомобиль көлігін жөндеу шебері;
  • 07320100 – «Ғимараттар мен құрылыстарды салу және пайдалану» мамандығы, біліктіліктері:
  • 3W07320105 – Құрылыс-әрлеу жұмыстарының шебері;
  • 4S07320106 – Техник-құрылысшы;
  • 07140500 – «Сандық техника (түрлері бойынша)» мамандығы, біліктілігі:
  • 4S07140504 – Техник-электронщик;
  • 07140900 – «Радиотехника, электроника және телекоммуникациялар» мамандығы, біліктілігі:
  • 4S07140902 – Телекоммуникациялық байланыс жүйелер технигі;
  • 07230100 «Тігін өндірісі және киімдерді үлгілеу» мамандығы, біліктілігі:
  • 3W07230101 – Тігінші;
  • 4S07230107 Техник-технолог;
  • 3W07230105 Модельер-пішуші;
  • 3W07230102 Арнайы тігінші;
  • 3W07230104 Киім конструкторы;
  • 10150100 – «Туризм» мамандығы, біліктілігі:
  • 3W10150103 – Туристiк агент;
  • 3W10150101 Туризм жөніндегі нұсқаушы.

Колледжіміз ең алғашқы түлектерін 2007 жылы қанаттандырды.

Айрықша қуантарлығы бітіруші түлектердің 100 пайызы Кәсіби біліктілікті тәуелсіз бағалау – кешенді тестілеуден сүрінбей өтіп, өз біліктіліктерін растап, нәтижесінде «Техникалық және кәсіптік білімді дамыту және біліктілікті берудің республикалық ғылыми-әдістемелік орталығының» СЕРТИФИКАТЫН мемлекеттік үлгідегі ДИПЛОМҒА қоса алып шықты.

Дипломмен бірге Кәсіби біліктілікті тәуелсіз бағалау СЕРТИФИКАТЫН алған түлектеріміз тек Қазақстан Республикасында ғана емес, сонымен қатар Ресейдің де түкпір-түкпірінде сәтті жұмысқа орналасып, еңбектерінің жемісін көруде.

Яғни, Байқоңыр «Космос» колледжінің мемлекеттік үлгіде берілген дипломын Ресей Федерациясының орта кәсіптік-техникалық білім жөніндегі дипломына теңбе-тең екенін ресми растағаны жайлы Ресей Федерациясы Білім және Ғылым министрлігінің берген нақты куәлігі. Ия, біздің колледжіміздің дипломымен Қазақстанда ғана емес, сонымен қатар Ресейде де жұмысқа орналасуға болады.

Академик С.А.Джиенкулов атындағы Байқоңыр колледжін 2004 жылдан бері Қазақстан Республикасы білім беру ісінің құрметті қызметкері, жалпы техникалық мамандығы бойынша Қазақстан-Ресей Халықаралық Университетінің профессоры, Қазақстан Республикасының Ұлттық Машина Жасау және Көлік Ғылым Академиясының академигі Дауленбаев Ануар ағай басқарып келеді.

Кәсіби құзырлы маман иесін даярлауда тұлғалық-ізгілік бағыттылығы жоғары, оқытудың жаңа технологияларын меңгерген, отандық, шетелдік тәжірибелерді шығармашылықпен қолдана білетін колледждің педагогикалық ұжымы қалалық, облыстық, республикалық, халықаралық байқауларға үнемі қатысып, шеберліктерін шыңдаудан шаршаған емес.

Колледж оқытушыларының 100 пайызы «Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығынан «Техникалық және кәсіптік білім беруді жаңғырту жағдайында оқытудың жаңа әдіс тәсілдерін пайдалану» (15-19 ақпан 2016 жыл) және «Модульдік – құзыреттілік тәсіл негізінде әзірленген техникалық және кәсіптік білім беру бағдарламаларын іске асыру» (07-11 қараша 2017 жыл), «Білім беру мазмұнын жаңарту жағдайында белсенді оқу және модульдік – құзыреттілік тәсілдері негізінде әзірленген ТжКББ бағдарламаларын іске асыру» (09-13 желтоқсан 2019 жыл) тақырыптарында, «Кәсіпқор холдингі» коммерциялық емес акционерлік қоғамы Кәсіптік білім беру орталағынан «Техникалық және кәсіптік білім беру жүйесінің жаңа формациядағы педагогі» (20-1 маусым-шілде 2016 жыл) тақырыбында білімін жетілдіру курсынан өтті.

Колледжде 2019 жылы қыркүйек айында «Ашық жүрек» еріктілер клубы құрылып, Байқоңыр қалалық Жастар ресурстық орталығымен тығыз жұмыс жасауда. Еріктілер саны: 100.

2019 жылдың 22 сәуірінде «Білім беру сапасын қамсыздандыру тәуелсіз қазақстандық агенттігімен» (НКАОКО) жүргізілген институционалды және мамандандырылған аккредиттеуден сәтті өтіп, растайтын куәлік алды.

Қазіргі таңда оқу процесі College SmartNation - техникалық және кәсіптік білім беру саласында мемлекеттік қызметтерді алуға арналған бірыңғай порталы арқылы жүргізілуде.