Мамандықтар

Мамандықтар



«Академик С.А.Джиенкулов атындағы Байқоңыр жоғары колледжі» білім беру мекемесі Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі білім мен ғылым бақылау Комитеті Қызылорда облысының білім беруді бақылау Департаментімен 05.02.2019 жылында берілген № KZ 38LAA00013970 лицензиясы негізінде келесі мамандықтарды оқытады.

р/с Мамандық шифры Мамандық атауы Біліктілігі

1

07161300

«Автомобиль көлігіне техникалық қызмет көрсету, жөндеу және пайдалану»

4S07161304 Техник-механик

3W07161301 Автомобиль жөндеу слесарі

3W07161303 Автомобиль көлігін жөндеу шебері

2

07320100

«Ғимараттар мен құрылыстарды салу және пайдалану»

4S07320106 Техник-құрылысшы

3W07320105 Құрылыс-әрлеу жұмыстарының шебері

3

07140500

«Сандық техника(түрлері бойынша)»

4S07140504

Техник-электронщик

4

07140900

«Радиотехника, электроника және телекоммуникациялар»

4S07140902

Телекоммуникациялық

байланыс жүйелер технигі

5

07230100

«Тігін өндірісі және киімдерді үлгілеу»

3W07230101 Тігінші

4S07230107 Техник-технолог

3W07230105 Модельер-пішуші

3W07230102 Арнайы тігінші

3W07230104 Киім конструкторы

6

10150100

«Туризм»

3W10150103 Туристік агент

3W10150101 Туризм жөніндегі нұсқаушы

7

04110100

«Есеп және аудит»

4S04110102-Бухгалтер

8

04210100

«Құқықтану»

4S0421001-Заңгер


2019 жылдың 22 сәуірінде «Білім беру сапасын қамсыздандыру тәуелсіз қазақстандық агенттігімен» (НКАОКО) жүргізілген институционалды аккредиттеуден сәтті өтіп, растайтын куәлік алды (IA-B №111, 22.04.2019 ж.).
Жылдармен жаңаланып, ақпараттар ағымына ілесіп, заман талабынан көрініп жүрген облыстағы техникалық және кәсіптік білім беретін оқу орындарының бірі – Академик С.А.Джиенкулов атындағы Байқоңыр жоғары колледжі.
Колледж ұжымы заманауи үдерістерге үн қосып, республика деңгейіндегі жобаларды оқу процесіне енгізу арқылы болашақ мамандардың кәсіби құзіреттілігін қамтамасыз етіп, рухани-адамгершілік құндылықтар аясында тәрбиелеуге ерекше назар аударады.
Болашақ мамандарға сапалы білім алуға жағдай туғызу мақсатында колледждің материалдық-техникалық базасы үнемі жетілдірілуде. Білімді ақпараттандыру бүгінгі таңда білім беру жүйесін жаңартудың негізгі жолдарының бірі ретінде қарастырылады. Оқу кабинеттері жаңа технологиялық, ақпараттық құралдармен жабдықталған.