ҚАРТТАРЫМ-АСЫЛ ҚАЗЫНАМ

ҚАРТТАРЫМ-АСЫЛ ҚАЗЫНАМ



🔷️Халықаралық қарттар күні — бұл аталар мен апалардың, ата-аналардың, бір-бірінің қадірін білетін жақын адамдардың мерекесі. Бұл — жан дүниенің жомарттығы мен адамдық даналықтың, азаматтықтың кемел шағына деген құрмет. Ардагерлер қажеттілігінен алшақ қалмай, үлкендерге құрмет көрсету халықтың мәдениеттілігін сипаттайтын негізгі белгі. Халқымызда «Қартын сыйлаған елдің қазынасы мол» деген ұлағатты сөз бар. Даналықтың алтын кілті — ата-бабаларымыз. Ата жолын жалғап келе жатқан бүгінгі күнгі ақсақал аталарымыз бен ақ жаулықты әжелеріміз.
✅️Бүгін академик С.А.Джиенкулов Атындағы Байқоңыр жоғары колледжінде "1 қазан -Халықаралық қарттар күні" атты мерекелік іс шара өтті. Шараға колледждің ардагер ұстаздары қонаққа шақырылып, студенттер ән мен жырдан шашу шашты. Қарттарымыздың көңілдерін бір серпілткен әдемі бір кештің куәсі болдық.