ЖЫЛЫ ЖҮРЕК – ЖОМАРТ ҚОЛ

ЖЫЛЫ ЖҮРЕК – ЖОМАРТ ҚОЛ



19.10.2023 жылы «Академик С.А.Джиенкулов атындағы Байқоңыр жоғары колледжі» білім беру мекемесінде «Ашық жүрек» еріктілер клубының ұйымдастыруымен «Жылы жүрек - жомарт қол» атты қайырымдылық жәрмеңкесі өткізілді. Білімгерлердің санасына мейірімділік, қайырымдылық ұғымдарын қалыптастыру, кішіпейілділікке, бауырмалдыққа баулу, әлеуметтік жағдайы төмен отбасыларға көмек көрсету мақсатында, ТА-123, МС-123, АТ-123, АШ-123, Ғ-221, ТТ-122, ТМ-122 топтары, «Ашық жүрек» еріктілер клубы, студенттік парламент қайырымдылық шарасын ұйымдастырды. Ертеңге талпыныс, болашаққа бағдар, игі іске ұмтылыс – адамзатқа тән құбылыс. Ендеше, көп болып, асыл арманына қол созғандарға сүйеніш болып, қолымыздан келген көмегімізді аямайық.