1 қыркүйек – Білім күні

1 қыркүйек – Білім күні



Возможно, это изображение цветок и текст «1 кыркуйек "білім куні" кутты болсын! ZHARAR»
Қадірлі ұстаздар мен студенттер,құрметті ата-аналар!
Баршаңызды 1 қыркүйек – Білім күнімен және жаңа оқу жылының басталуымен, шәкірттеріміздің студент атануымен шын жүректен құттықтаймын!
📚1 қыркүйек барша халықтың дәстүрлі мерекесі! Бұл мереке кейбір азаматтардың мектеп қабырғасын, колледж және жоғары оқу орындарына барған күндерін еске түсірумен сипат алса, жас мұғалімдердің алғашқы жұмыс күні әсері мен толғанысын айғақтайтын ұмытылмас сәттерімен есте қалады. Әрбір адамның өміріне ерекше әсер қалдыратын бұл күн еліміздің барлық тұрғындарының басын біріктіреді: мектеп табалдырығын аттауға асыққан бірінші сынып оқушылары, өзі армандаған мамандыққа қол жеткізген ЖОО-ға мақтанышпен келген мектеп қабырғасын жаңа ғана аяқтаған түлектер, осы күйді екінші рет бастан кешіп отырған ата-аналар.
Баршаңызды бүгінгі Білім күнімен және жаңа оқу жылының басталуымен шын жүректен құттықтаймын. Сіздерге бүгінгі ерекше, жайма шуақ күні жақсы көңіл күй, жаңа жетістіктер мен ашылуларға ұдайы ізденіс, шығармашылық, мықты денсаулық және білікті маман атануларыңызға тілектеспін! Бүгінгі күн Сіздер үшін үлкен үміттер күні болсын!
Құрметпен: Академик С.А.Джиенкулов Атындағы Байқоңыр жоғары колледжі директоры Ануар Дауленбаев.