АХМЕТ БАЙТҰРСЫНҰЛЫ-ҰЛТ ҰСТАЗЫ
АХМЕТ БАЙТҰРСЫНҰЛЫ-ҰЛТ ҰСТАЗЫ
Тіл-халықтың тұтастай кескін келбеті, болмысы. Тіл әрбір адамға ана сүтімен бірге еніп қалыптасады. Тіл байлығы әрбір елдің мақтанышы.
Академик С.А.Джиенкулов Атындағы Байқоңыр жоғары колледжі білім беру мекемесінде қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің оқытушысы Таимова Гулияның ұйымдастыруымен МС-123, ТА-123 оқу топтарында Тіл тазалығына байланысты «Ахмет Байтұрсынұлы – ұлт ұстазы» атты тәрбие сағаты өткізілді.
Мақсаты- Ахмет Байтұрсынұлы шығармашылығы, кітаптары мен ғылыми еңбектері туралы студенттерге мағлұмат бере отырып, білім алушыларды ақын өмірін үлгі ете отырып, өз елін, тілін, ұлтын сүюге тарту, сауатты болуға тәрбиелеу;
• студенттердің танымдық деңгейін дамыту
• білім алушылардың зерттеу, шығармашылық, коммуникативтік құзіреттіліктерін дамыту;
• жастардың бойында жоғарғы патриоттық сананы қалыптастыру;
• мемлекеттік тілде белсенді сөйлеуге ынталандыру.
Студенттер тәрбие сағатына белсене қатысып, ақын өлеңдерінен үзінді оқыды, ақын жазған мысал бойынша көрініс те қойды.