АХМЕТ БАЙТҰРСЫНҰЛЫ-ҰЛТ ҰСТАЗЫ

АХМЕТ БАЙТҰРСЫНҰЛЫ-ҰЛТ ҰСТАЗЫ



🔶️ Тіл-халықтың тұтастай кескін келбеті, болмысы. Тіл әрбір адамға ана сүтімен бірге еніп қалыптасады. Тіл байлығы әрбір елдің мақтанышы.
✅️ Академик С.А.Джиенкулов Атындағы Байқоңыр жоғары колледжі білім беру мекемесінде қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің оқытушысы Таимова Гулияның ұйымдастыруымен МС-123, ТА-123 оқу топтарында Тіл тазалығына байланысты «Ахмет Байтұрсынұлы – ұлт ұстазы» атты тәрбие сағаты өткізілді.
✅️ Мақсаты- Ахмет Байтұрсынұлы шығармашылығы, кітаптары мен ғылыми еңбектері туралы студенттерге мағлұмат бере отырып, білім алушыларды ақын өмірін үлгі ете отырып, өз елін, тілін, ұлтын сүюге тарту, сауатты болуға тәрбиелеу;
• студенттердің танымдық деңгейін дамыту
• білім алушылардың зерттеу, шығармашылық, коммуникативтік құзіреттіліктерін дамыту;
• жастардың бойында жоғарғы патриоттық сананы қалыптастыру;
• мемлекеттік тілде белсенді сөйлеуге ынталандыру.
Студенттер тәрбие сағатына белсене қатысып, ақын өлеңдерінен үзінді оқыды, ақын жазған мысал бойынша көрініс те қойды.