Ана тілі аруы – 2023
Ана тілі аруы – 2023
![✅️](https://static.xx.fbcdn.net/images/emoji.php/v9/t33/1/16/2705.png)
![✅️](https://static.xx.fbcdn.net/images/emoji.php/v9/t33/1/16/2705.png)
- Ана тілінің мәртебесін асырып, туған тілге деген құрметін арттыру;
- Халықтық педагогикалық ұғымдарын пайдалана отырып, ұлттық дүниетанымын кеңейту;
- Қазақ қыздарының бойындағы ізгі қасиеттерімен қоса сөз саптау мәнері мен шешендік дәстүрін дәріптеу.
Байқауға ТА-123 тобынан Жарылкапова Айым, Жақсылықова Анеля, АТ-123 тобынан Сабыт Жұлдыз, Абдыхалыққызы Меруерт, Нұрғалиева Аружан бақ сынады.
Байқау төрт кезеңнен тұрды. Бірінші кезеңде қатысушылар өздерін көркем жыр шумақтарымен таныстырып, келесі кезеңде әрқайсысы өздерінің сүйікті ақынының жыр-шумағымен көрерменді тәнті етті. Ал үшінші сайыста мемлекеттік тіл жайында білімдерін көрсетіп, берілген сұрақтарға мүдірмей жауап берді. Ал соңғы сайыста әр қатысушы қаншалықты он саусақтарынан өнер тамған өнерпаз екендерін көрсетті. Байқау қорытындысы бойынша : 1 орынға – Сабыт Жұлдыз, 2-орынға – Жарылкапова Айым, 3 орынға – Жақсылықова Анеля ие болды. Жеңіске жеткен қыздарға алғыс хат пен дипломдар табысталды.
![](https://kosmos.edu.kz/assets/media/galereya/384780333-1652922975229873-4907502917934244273-n_smallThumb.jpg)
![](https://kosmos.edu.kz/assets/media/galereya/384781134-1652923015229869-8371783295480701549-n_smallThumb.jpg)
![](https://kosmos.edu.kz/assets/media/galereya/384774113-1652923041896533-8973564381096362987-n_smallThumb.jpg)
![](https://kosmos.edu.kz/assets/media/galereya/384785827-1652923065229864-6840927560732135967-n_smallThumb.jpg)