БІЛІМ КҮНІНДЕГІ МАРАПАТ

БІЛІМ КҮНІНДЕГІ МАРАПАТ



📚Білім күнінде Академик С.А.Джиенкулов Атындағы Байқоңыр жоғары колледжі білім беру мекемесінде 2023-2024 жаңа оқу жылының #1 педагогикалық кеңесінің отырысы өткізілді.
Педкеңесте жаңа оқу жылындағы жұмыс жоспары бекітіліп, колледждің ағымдағы жылғы қабылдау мен жұмыс жоспарындағы өзгерістер, жаңалықтар талқыланды.
Жиын соңында колледж директоры Ануар Дауленбаев колледждің оқу ісі жөніндегі орынбасары Sholpan Daulenbayevaны ҚР Оқу ағарту министрінің ҚҰРМЕТ ДИПЛОМЫМЕН, оқу-өндірістік жөніндегі орынбасары Нургуль Алимбаеваны облыстық білім басқармасы басшысының ҚҰРМЕТ ГРАМОТАСЫМЕН, арнайы пән оқытушысы Жасулан Кобековті облыстық білім басқармасының АЛҒЫСЫМЕН марапаттады.