ДӘСТҮРЛІ БІЛІМ КҮНІ АТАЛЫП ӨТТІ.

ДӘСТҮРЛІ БІЛІМ КҮНІ АТАЛЫП ӨТТІ.



📚Білім күні шын мәнінде барша халықтың дәстүрлі мерекесіне айналды. Оқушылар мен студенттер, білім мен ғылым саласындағы ұстаздар мен оқытушылар, барша қызметкерлер үшін 1 қыркүйек жаңа бастамалардың, жаңа ізденістердің, жаңа идеялардың бастауы.
✅️Бүгін Академик С.А.Джиенкулов Атындағы Байқоңыр жоғары колледжі білім беру мекемесінде "Білімге ұмтылу, еңбексүйгіштік және патриотизм" деген атпен дәстүрлі Білім күні мерекесі өз деңгейінде аталып өтілді. Салтанатты шараға колледж ұжымы мен студенттер және ата-аналар қатысты.
Мерекелік шарада колледж директоры Ануар Дауленбаев құттықтау сөз сөйлеп, ағымдағы оқу жылына сәттілік тіледі.
✅️ Сонымен бірге шарада ата -аналар атынан Абжалиева Төрегүл анамыз сөз алып, колледжге қабылданған студенттерге ақ жол тілеп, жүрекжарды лебізін білдірді.
🖋Баршаңызға жаңа оқу жылы тек жақсылықтар әкелсін. Шығармашылық табыс, отбасыларыңызға амандық-саулық тілейміз. Колледж табалдырығын алғаш аттаған студенттерге сәттілік жолдас болсын! Мереке құтты болсын!