ЕСІРТКІ ЖӘНЕ ЖАСӨСПІРІМ

ЕСІРТКІ ЖӘНЕ ЖАСӨСПІРІМ



11.12.2023 жылы «Академик С.А.Джиенкулов атындағы Байқоңыр жоғары колледжі» білім беру мекемесінде есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл шараларын жүзеге асыру аясында Байқоңыр қалалық прокуратурасы прокурорының көмекшісі Бөлекбай Еркін, ҚР ІІМ Байқоңыр қаласындағы Өкілдігінің кәмелетке толмағандар істері жөніндегі учаскелік полиция инспекторы полиция аға лейтенанты Мурзагалиева Мерейдің қатысуымен жастардың арасында синтетикалық есірткінің зияны мен нашақорлықтың зардаптары туралы құқықтық түсіндірме жұмыстары жүргізілді. Колледж білімгерлеріне зиянды заттардан аулақ болуға тәрбиелеу мақсатында "Есірткі және жасөспірім", "Кәмелетке толмағандар арасындағы бұзақылық пен ұсақ бұзақылық жауапкершілігі", "Балалар арасындағы қатыгездіктің, зорлық-зомбылықтың алдын алу әдіс-тәсілдері",
"Жастар сыбайлас жемқорлыққа қарсы" тақырыптарында дәріс сабақ өткізілді. Дәріс барысында синтетикалық есірткінің, есірткі сатумен айланысатын адамдардың арбауына түспеу жолдары қарастырылды. Есірткі қабылдаған 10 адамның тек біреуі, өте ұзақ емделу арқылы ғана сауығатыны айтылды, оңай ақша табамын деп есірткі сатушылардың жалған уәдесіне сенудің қажеті жоқ екені ескертілді.