ҚАДІРЛІ АРДАГЕР ҰСТАЗДАР, ҚҰРМЕТТІ ҰЖЫМДАСТАР!

ҚАДІРЛІ АРДАГЕР ҰСТАЗДАР, ҚҰРМЕТТІ ҰЖЫМДАСТАР!



🔶️Сіздерді қазан айында аталып өтетін Мұғалімдер күнімен шын жүректен құттықтаймын! Сіздердің бала көңілдеріңіз əр оқушының жандүниесін нұрландырып, жүрегіне шапағат нұрын төгуде. Мұғалімнен өнеге-білім алып, өмір теңізіне құлаш ұрған кез келген шəкірт ұстазымен мақтанады.
🔶️"Ұстаздық еткен жалықпас, үйретуден балаға" — дегендей, әр шаңырақтың үміт күткен ұл-қыздары сіздердің білімдеріңіз бен біліктеріңізге жүгініп, сеніп келеді. Ел ертеңі болып табылатын ұландардың бойына білім мен өнерді, адамгершілік пен адалдықты, туралық пен шыншылдықты, рухани байлық пен ұлттық қасиеттерді сіңіріп, оларды тұлғалы азамат етіп қалыптастыруда.
Мерейлі мерекеде дендеріңізге саулық, отбасыларыңызға амандық, істеріңізге сəттілік тілеймін.
Құрметті ұстаздар! Шәкірттеріңіздің құрметі мен махаббатына бөленіңіздер. Шығармашылық ізденістер, ғылыми жаңалықтарыңыз арта берсін. Мерекелеріңізбен! Мерейлеріңіз үстем болсын.
✅️Құрметпен, Академик С.А.Джиенкулов Атындағы Байқоңыр жоғары колледжінің директоры Ануар Дауленбаев.