ҚАЗАҚ ЕЛІ -МЕНІҢ ОТАНЫМ!

ҚАЗАҚ ЕЛІ -МЕНІҢ ОТАНЫМ!



2023 жылдың 24 қазан күні «Академик С.А.Джиенкулов атындағы Байқоңыр жоғары колледжі» білім беру мекемесінде «Тәуелсіз елдің ұрпақтары» тақырыбында «25 қазан-Республика күніне» арналған және білімгерлерді «Студенттер қатарына қабылдау» салтанатты кеші болып өтті.
Тұғырлы Мемлекетіміздің Республика күні қарсаңында колледжімізде өткізілген шара барысында әнұран орындалып, мемлекеттік ту кіргізіліп, колледж білімгерлері өз өнерлерін көрсетіп, әнмен шашу шашып, би биледі. Республика күнімен қатар студенттер қатарына қабылдау кешін колледж басшысы Дауленбаев Әнуар ағай студенттерге жылы лебізін білдіре отырып,кешті ашып берді. Білімгерлерге сынақ кітапшасы табыстала отырып, 1-курс студенттері киелі шаңыраққа кір келтірмей, үлгілі де білімді шәкірт, еліміздің шынайы патриоттары болуға дайын екендігін баяндап, Ант қабылдады! Кеш соңында Аш-123 тобының ата-анасы Досмағанбетова Айнур сөз сөйлеп, студенттерге ақ батасын берді.
Әнұран - Қазақстан Республикасының дербестігі мен тәуелсіздігін бүкіл әлемге танытушы әрі мемлекетіміздің өткені мен бүгіні және болашағы арасындағы сабақтастықтың жарқын көрінісі. Еліміздің рәміздері әр азаматтың патриоттық сезімін биікке көтеріп тұратын, рух беретін ажырамас бөлігі. Шараның мақсаты білімгерлер арасында патриотизм мен азаматтық сезімін қалыптастыруға ықпал ету, білімгерлердің бірлігі арқылы өз Отаны үшін қадір-қасиет сезімін қалыптастыру.