ҚҰҚЫҚТЫҚ ТҮСІНДІРМЕ ЖҰМЫСТАРЫ ЖҮРГІЗІЛДІ

ҚҰҚЫҚТЫҚ ТҮСІНДІРМЕ ЖҰМЫСТАРЫ ЖҮРГІЗІЛДІ



Бүгін «Академик С.А.Джиенкулов атындағы Байқоңыр жоғары колледжі» білім беру мекемесінде қоғамдық жастар арасында белең алып бара жатырған өзекті мәселелер «Құқық бұзушылық және қылмыс, интернет қауіпсіздігі мен кибербуллинг, лудомания, нашақорлықтың алдын-алу, зорлық-зомбылық, суицид және ерте жүкітіліктің алдын-алу» тақырыбы аясында сала мамандарымен кездесу өткізілді. Шараның мақсаты - жастардың адам тәрбиесі мен қоғам тәрбиесіне байланысты көзқарастарын дұрыс қалыптастыра отырып, болашақта ұрпақ қамын, ұлт тағдырын ойлайтын қоғамның мүшесі болуларына жағдай жасау.
Шараға ҚР ІІМ Байқоңыр қаласындағы Өкілдігінің бастығы, полиция полковнигі Ахметов Алтынбек Мендибаевич, Полиция бастығының қоғамдық тәртіпті сақтау жөніндегі орынбасары, полиция подполковнигі Шкрум Илья Владимирович, Әкімшілік полиция бөлімінің бастығы, полиция подполковнигі Кулманов Жандос, ҚР ІІМ Байқоңыр қаласындағы Өкілдігінің кәмелетке толмағандар істері жөніндегі учаскелік полиция инспекторы Баймаганбетов Ерлан Еримбетович, РФ IIМ Байқоңыр қаласындағы кәмелетке толмаған жөніндегі инспекторы,полиция аға лейтенанты Зуева Гулсезим қатысып, құқықтық түсіндірме жұмыстарын жүргізді.