ҚЫЗЫЛОРДА ОБЛЫСЫНЫҢ «WORLDSKILLS QIZILORDA -2023» ЧЕМПИОНАТЫНЫҢ ЖЕҢІМПАЗЫ «WORLDSKILLS KAZAKHSTAN -2023» РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ЧЕМПИОНАТЫНДА БАҒЫН СЫНАМАҚ»

ҚЫЗЫЛОРДА ОБЛЫСЫНЫҢ «WORLDSKILLS QIZILORDA -2023» ЧЕМПИОНАТЫНЫҢ ЖЕҢІМПАЗЫ «WORLDSKILLS KAZAKHSTAN -2023» РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ЧЕМПИОНАТЫНДА БАҒЫН СЫНАМАҚ»



Қызылорда облысының «Worldskills-Qızılorda-2023» чемпионатында орын алған студентіміз Астана қаласында, ағымдағы жылдың 19 мен 27 қараша күндері өткізілетін Республикалық «Worldskills Kazakhstan-2023» чепионатында облысымыздың намысын қорғауға "Академик С.А.Джиенкулов атындағы Байқоңыр жоғары колледжі" білім беру мекемесінің «Кескіндеме және сәндік жұмыстары» құзіреттілігі бойынша «Ғимараттар мен құрылыстарды салу және пайдалану» мамандығының 4 курс студенті Жарылқапов Еркебұлан Ерланұлы қатыспақ. Сарапшысы колледжіміздің құрылыс мамандығының оқытушысы Шынаргуль Назарова жетекшілік жасап, студентіміздің дайындығын чемпионат ережелеріне сай модульдік тапсырмаларын бұлжытпай орындатып, қарқынды жұмыс жасауда.
Астана қаласында өткізілетін чемпионатта облысымыздың намысын қолдан бермей, өз кәсіби шеберліктері деңгейін жоғары көрсетіп, жүлделі орынмен оралуына шын жүректен тілектеспіз.