МАМАНДЫҚ ТАҢДАУ - БОЛАШАҚҚА БАСТАР ЖОЛ

МАМАНДЫҚ ТАҢДАУ - БОЛАШАҚҚА БАСТАР ЖОЛ



Қармақшы ауданына қарасты Байқоңыр қаласында орналасқан N275 мектепте өткізілген "Мамандық таңдау - болашаққа бастар жол" атты 9 сынып оқушыларымен кездесу кешіне "Академик С. А.Джиенкулов атындағы Байқоңыр жоғары колледжінің" арнайы пән оқытушылары қатысып, білім ұясынан болашаққа қанат қағып ұшқалы отырған түлектерге бағыт бағдар беріп, мамандықтар жайлы жан жақты мағлұмат беріп, түлектермен пікірлесіп, қателеспей кәсіби мамандық таңдауға кеңес беріп, профориентациялық жұмыс жүргізді. Ертенгі өмірдің баянды да бақытты болуы, бүгінгі күні мамандықты дұрыс таңдауға тікелей байланысты.