"ОТАН ҚОРҒАУШЫ - 2023" облыстық сайысы өтті

"ОТАН ҚОРҒАУШЫ - 2023" облыстық сайысы өтті



Бүгін Қызылорда қаласында техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының білім алушылары арасында әскери-қолданбалы спорт түрлерінен "Отан қорғаушы - 2023" облыстық сайысы болып өтті.

Сайыс төмендегі
✔ АК - 74 оқу қаруын толық емес бөлшектеу және жинақтау
✔ Пневматикалық винтовкасын нысанаға ату
✔Капитандар сайысы
✔Пневматикалық винтовкасынан жылдамдыққа ату
✔АК - 74 оқу қаруының оқжатарын патрондармен жарақтау
✔ Белтемірге тартылу
✔ Арқан тарту әскери-қолданбалы спорт түрлерінен өтті.

Нәтижесінде "Академик С.А.Джиенкулова атындағы Байқоңыр жоғары колледжі" білім беру мекемесінің студенттері ТМ-122 оқу тобы Сали Битөре АК - 74 оқу қаруын толық емес бөлшектеу және жинақтаудан І-орын, Ғ-121 Шынтемірұлы Дамир капитандар сайысынан ІІІ-орын, А-120 Оралбеков Нұрбол белтемірге тартылудан ІІІ- орын иеленді.
Жеңімпаздарымызды құттықтаймыз!
#әскери_патриоттық_сайыс