СІЗ ӨЗ ҚҰҚЫҒЫҢЫЗДЫ БІЛЕСІЗ БЕ?

СІЗ ӨЗ ҚҰҚЫҒЫҢЫЗДЫ БІЛЕСІЗ БЕ?



🔹Бүгін академик С.А.Джиенкулов Атындағы Байқоңыр жоғары колледжінде Құқық бұзушылықтың алдын алу жоспарына сәйкес «Сіз өз құқығыңызды білесіз бе?» тақырыбында 1-курс студенттеріне түсіндірме жұмыстары жүргізілді.
🔸Шараға қатысқан "Жастар ресурстық орталығы" Байқоңыр қалалық бөлімінің аға кеңесшісі Азамат Ердаулетов және сала мамандары ҚР ІІМ Байқоңыр қаласындағы өкілдігінің әкімшілік полиция бөлімінің кәмелет жасқа толмаған жасөспірім істері жөніндегі учаскелік полиция инспекторы, полиция аға лейтенанты М.Мурзагалиева, колледж директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Сыргаш Айбосынова тақырып аясында тың ақпараттармен бөлісті.
Сондай-ақ, студенттерге сала мамандары «Көшедегі және үйдегі зорлық-зомбылықтың алды алу»,
Жол қозғалысы ережелері, қағидалары, оның ішінде жаяу жүргіншілер ережелері, синтетикалық есірткінің таралуы және дәріханалық нашақорлық проблемалары, темекі шегу, вейпті пайдаланудың алдын алу туралы құқықтық білімдерін нығайтты.
✅️Шара соңында студенттер сала мамандарына сұрақтар қойып еркін пікір алмасты.