СТУДЕНТТЕРІМІЗ ЭКСКУРСИЯҒА БАРДЫ

СТУДЕНТТЕРІМІЗ ЭКСКУРСИЯҒА БАРДЫ



✅️ Жақында Қызылорда облысы қоғамдық даму басқармасы мен "Жастар ресурстық орталығы" Байқоңыр қалалық бөлімінің ұйымдастыруымен Академик С.А.Джиенкулов Атындағы Байқоңыр жоғары колледжінің бір топ студенттері Қызылорда қаласына арнайы экскурсияға барып қайтты.
🔷️ Экскурсия барысында ең алдымен 40-тан астам Байқоңыр қаласының жастары Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті саябағына тоқталып, одан соң саябақтың төрінен орын алған Рәміздер алаңымен танысты.
📚 Жас буынға кәсіби бағыт-бағдар беру мақсатында экскурсия "Болашақ" Университетінде жалғасып, онда оқу орнының құрылтайшысы Бақберген Досманбетов Байқоңыр қаласының жастарын арнайы қабылдады.
Сондай-ақ, жастар Қызылорда облыстық тарихи-өлкетану музейіне де бас сұғып, тарихи жәдігерлер мен құнды мұралар жөнінде, сыр өлкесі жайында жаңа ақпараттар алды.
✅️ Қызылорда облыстық "Жастар ресурстық орталығының" мамандары қонақтарға көтеріңкі көңіл-күй сыйлау мақсатында концерттік бағдарлама әзірленіп, Байқоңыр жастарына арнайы сый-сияпат көрсетті.
Сөз соңында айтарымыз, студенттерге керемет саяхат ұйымдастырған Жастар Ресурстық Орталығы Байқоңыр қалалық бөлімі ұжымына алғысымыз шексіз.
Жастар Ресурстық Орталығы Байқоңыр қалалық бөліміне студент жастар дән риза.