«ТАРИХИ СӘТ» БІЛІМ КӨКПАРЫ

«ТАРИХИ СӘТ» БІЛІМ КӨКПАРЫ



26.10.2023 ж Колледждің Акт залында «Менің Қазақстаным -менің Отаным!» атты «Тарих және экономика негіздері» пәні апталығы аясында Өмірзақ Шолпан Қалибекқызының ұйымдастыруымен «Тарихи сәт» тақырыбында білім көкпары болып өтті.
Мақсаты: Білімгерлердің бойында Қазақстанның өткені мен бүгінгі өмірін салыстыра отырып, өз еліміздің даму тарихы туралы танымдарын қалыптастыру Тәуелсіздік жолында құрбан болған қазақ халқының аяулы ұлдарының ерлігімен таныстыру. Ұлттық сана сезімін, саяси сауаттылығын ояту.
Сайысқа 1-курс білімгерлері қатысты. Сайыстың бағдарламасы 3 кезеңнен тұрды:
1. Тарихи көрініс
2. Мәнерлеп оқу
3. Үй тапсырмасы (патриоттық тақырыпта сурет салу)
1 курс білімгерлері өздерінің осы уақытқа дейінгі білімдерін ортаға салды. Нәтижесінде өздерінің алғырлығымен, тыңғылықты дайындығымен оза шауып көзге түскен «Ғимараттармен құрылыстарды салу және пайдалану» мамандығының 1-курс МС-123 тобының білімгерлері 1 орынға ие болды. ІІ орын «Тігін өндірісі және киімдерді үлгілеу» мамандығының 1-курс АТ-123 тобы иеленді. «Туризм» мамандығы ТА-123 тобы ІІІ орын иегері атанды.