ҰСТАЗДАР МАРАПАТТАЛҒАН КҮН

ҰСТАЗДАР МАРАПАТТАЛҒАН КҮН



✅️
Ұстаздар мерекесінде академик С.А.Джиенкулов Атындағы Байқоңыр жоғары колледжінің ұстаздары марапат төрінен көрінді. Атап айтар болсақ, директордың оқу-ісі жөніндегі орынбасары Sholpan Daulenbayeva облыс әкімі Н.Нәлібаевтың АЛҒЫСЫН, директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Сыргаш Айбосынова мен директордың оқу-өндірістік жөніндегі орынбасары Нургуль Алимбаева облыс әкімінің орынбасары, ҚР Президентінің Байқоңыр кешеніндегі арнаулы өкілі Қ.Нұртайдың АЛҒЫС ХАТЫМЕН, директордың оқу-әдістемелік жөніндегі орынбасары Рауа Турмаханова мен арнайы пән оқытушысы Сакен Есеналиев Қызылорда Облысының Білім Басқармасы басшысының міндетін атқарушы Б.Бердаулетовтің ҚҰРМЕТ ГРАМОТАСЫМЕН марапатталды.
Мерекеге орай марапат төрінен көрінген барша ұстаздарымызды құттықтай отырып, шығармашылық шабыт пен еңбектеріне табыс тілейміз!