ҰСТАЗДАРҒА ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛДІ

ҰСТАЗДАРҒА ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛДІ



🔶️Ұстаз … Қандай қасиетті сөз! Әр адамның жүрегіне ерекше жылулық нұрын себетін аяулы тұлға бейнесімен өзектес ұғым. Адам баласының жүрегіндегі қадір тұтып, құрметтейтін екі ұғым болса, оның бірі – Ұстаз.
Иә, «Ұстаз» деген сөз қазақ баласы үшін қашанда қасиетті, қадірлі болған. «Ұстаздан тәрбие алған » немесе «Ұстаз алдын көрген» деген сөздер « ана тәрбиесін алған» деген сөздермен ұштасып жатады.
🔶️Бүгін 5 қазан-Ұстаздар мерекесі болып бекітілгені баршамызға белгілі.Осы атаулы күнде академик С.А.Джиенкулов Атындағы Байқоңыр жоғары колледжі студенттерінің ұйымдастыруымен "ҰСТАЗ-ҰЛЫ ТҰЛҒА" атты мерекелік шара өткізілді.
Мерекелік шарада колледж директоры Ануар Дауленбаев ұстаздар қауымын төл мерекелерімен құттықтап, жылы лебізін білдірді. Сондай-ақ, барша ұстаздарды алғыс хатпен марапаттады.
Мереке қазақтың тойы ретінде өткізіліп, тілектер ақтарылды. Студенттер ән мен жырдан, биден шашу шашып, ұстаздарының көңілін серпілтті.
Мереке күні марапат төрінен көрінген барша мұғалімдер қауымын құттықтаймыз!!!
✅️Мереке құтты болсын!!!