"WORLDSKILLS KAZAКHSTAN-2023"

"WORLDSKILLS KAZAКHSTAN-2023"



Бүгін Астана қаласында үш күнге созылған "WORLDSKILLS KAZAКHSTAN-2023" VIII республикалық чемпионатының шешуші сәті болып өтті. Аталған чемпионатқа Қызылорда облысынан 11колледжден 17 құзіреттілік бойынша жас мамандар өз бақтарын сынаған болатын. Өз шеберліктері мен кәсіби құзіреттіліктерді жетік меңгерген мамандар арасынан біздің облысымыз бойынша 1 алтын, 1 қола, 4 медальон жүлдеге ие болды. Барша әріптестерімізді жеңістерімен шын жүректен құттықтаймыз.

✅Айта кету керек, біздің колледжден "Кескіндеме және сәндік жұмыстар" құзіреттілігі бойынша Жарылкапов Еркебұлан қатысқан болатын. Әрине біздің ұжым үшін, студентіміз үшін республикалық деңгейге алғаш рет шығу - үлкен жетістік деп ойлаймын. Алдағы жылы да білімгеріміз өз бағын сынап, тағы да қатысуға бел буып отыр.
"Болам деген баланың бетін қақпа, белін бу" демекші, Еркебұланнан күтер үмітіміз үлкен.
Жемісті де, жеңісті күндеріміз көп болсын!